Шұғыл аударма - iText аударма бюросының ең талап етілген қызметі. Шұғыл аудармаға қажеттік көптеген себептерден туындайды, және біз, өз кезегімізде, тіпті ең қысқа мерзімнің сақталуын қамтамасыз етуге қабілеттіміз.
Талаптарыңызға байланысты сіз үш қызметтің біреуін таңдай аласыз:
25 минут
Бұл түрі әдетте тақырыбы ортақ, көлемі шағын құжаттарды немесе шаблонды құжаттарды, мысалы, сенімхаттар, паспорттар, түрлі сертификаттар, куәліктер және т.б. аудару қажет болғанда қолданылады. Тапсырысты алғаннан кейін құжат бос аудармашыға аударуға жіберіледі. Құжаттың мәтінін аударғаннан кейін құжатпен редакторлар немесе корректорлар жұмыс істейді.
Бір сағат
Сіз бұл қызметті көлемі үлкенірек, мысалы, түйіндеме, мінездеме, таныстыру, хаттар, ғылыми мақалалар, шағымдар, сот қаулысы, келісімшарттар сияқты құжаттарды аудару қажет болғанда таңдай аласыз.
Бір күн
Аударманың бұл түрі неғұрлым күрделірек, және, әдетте, көлемі үлкен құжаттармен немесе мамандандырылған құжаттармен, атап айтқанда, машина жасау, мұнай және газ, медицина, құқықтану саласының мәтіндерімен жұмыста қолданылады. Бұл жағдайда біз тапсырысты орындауда интеграцияланған тәсілді қолданамыз. Қолданылатын CAT- құралдардың көмегімен біз жұмысқа бірнеше аудармашылар мен редакторларды қатыстыра аламыз, бұл ретте құжат бөліктерге бөлінбейді және әрбір орындаушыға жеке-жеке жіберілмейді. Осылайша, біз сапасыз жұмысты барынша азайтып қана қоймай, сондай-ақ клиенттің талаптарына сәйкес тапсырысты жылдам орындай аламыз.
Құжатыңыздың аудармасының құнын білу үшін төмендегі өтінім нысанын толтырыңыз.
Сұрақтар? Бізбен мына электронды пошта itext@itext.kz, +7 (718) 276 40 60 телефоны арқылы байланысыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз, сонда біз сіздің барлық қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап береміз.