Сызбалардың аудармасы

Сызбалар көптеген жобаларда қолданылады. Сызбалармен жұмыс үшін ең танымал бағдарлама болып AutoCAD бағдарламасы табылады. Онда сызбалар dwg или dfx форматқа ие болады.

Басқа жобалық құжаттар сияқты сызбаларда мәтіндік ақпарат болады, ол жобаның шегінде аударылуы тиіс.

Сызбаларды аудару процесі - бұл көп еңбекті талап ететін процесс, мұнда жақсы тіл білімінен басқа аудармашыдан, біріншіден, сызбалармен жұмыс істеуге арналған бағдарламаның болуы, екіншіден, онымен жұмыс істей білуі талап етіледі. Бұл сызбалар аудармасының құнын ұлғайтып қана қоймай, сондай-ақ жұмыс мерзімін ұзартуы мүмкін.

Біздің  iText аударма бюромыз бұл процесті жеңілдетті. Біз сызбадағы жазбаны шығарып Microsoft Word-қа салатын арнайы макросты қолданамыз.

Сөйтіп, жобалар менеджері қысқа уақыттың ішінде сызбалардың үлкен көлемін аудармаға дайындап, алынған файлдарды CAT-бағдарламаға орналастыра алады (клиенттің талаптарына байланысты біз SmartCAT және сирегірек SDL Trados пайдаланамыз),  жобалық глоссарийді қосып, құжатты орындаушылардың (аудармашылар мен редакторлар) арасында бөліп береді. Олардан бұл жағдайда AutoCAD бағдарламасының болуы және онымен жұмыс істей білуі талап етіледі.

Аударма аяқталғаннан кейін жоба менеджері осы макростың көмегімен дайын аударманы сызбаға орналастырады.

Сонымен,  iText аударма бюросына сызбалардың аудармасына тапсырыс бере отырып, Сіз:

  • уақытыңызды және ақшаңызды үнемдейсіз
  • сызбаның сапалы аудармасын аласыз

Құжатыңыздың аудармасының құнын білу үшін төмендегі өтінім нысанын толтырыңыз.

 

Сұрақтар? Бізбен мына электронды пошта itext@itext.kz, +7 (718) 276 40 60 телефоны арқылы байланысыңыз  немесе WhatsApp-қа жазыңыз, сонда біз сіздің барлық қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап береміз.

Тапсырыс беру

Осы нысанды толтырыңыз, біз сонда сізге қоңырау шаламыз

AutoCAD сызбаларының орыс/қазақ тіліне кәсіби аудармасы

Біздің клиенттер

iText аударма бюросы - бұл кәсіби аудармашылар ғана емес, сондай-ақ біздің клиенттеріміз, оларсыз өзіміздің шеберлігімізді дамыта алмас едік, білімізді арттыра алмас едік және аударма саласында жаңа биіктіктерге жете алмас едік.