Қазақ

Қазақ

Қазақ тіліне аудару

Қазақ тілі - бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл тілде шамамен 14 миллион адам сөйлейді, оның ішінде 9 миллионы Қазақстанда, қалғаны - Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей және басқа мемлекеттерде тұрады.

Қазақ тілі ұдайы даму үстінде, мемлекет оған ерекше көңіл бөлуде. Сондықтан қазақ тіліне аудару қажеттігі айтарлықтай өсіп отыр. Аударманың дәл осы саласында Қазақстанда өте үлкен бәсекелестік бар. Біз осы тауашада лайықты орын алып отырмыз және білікті, сапалы әрі кәсіби қызмет көрсетеміз.

Қазақ тіліне аударма қашан талап етіледі?

Мысалы, Сіз тендерге қатысасыз. Сатып алу талаптары бойынша қазақ тілінде конкурстық құжаттама ұсыну қажет. Біз түрлі тақырыптама құжаттамасын нотариалдық куәландыра отырып, сапалы, кәсіби және талап етілетін мерзімде аударып бере аламыз.

Сондай-ақ егер Сіз Қазақстан Республикасының қандайда бір мемлекеттік органына ресми өтініш берсеңіз, қазақ тілі талап етіледі.

Егер Сіз меншікті бизнесіңізді жарнамалайтын болсаңыз, онда сыртқы жарнамасыз болмайды. Мұндай жағдайда біз Сіздің жарнамалық материалдарыңызды, оның ішінде әсерлі бас тақырыпты (слоган) қазақ тіліне аударамыз. Бізге тапсырыс беріп, Сіз жарнамалық баннерде шатақтар мен қателердің пайда болуынан құтыласыз.

Қазақ тілінен аудару

Бұл қызмет те  көпшілікке мәлім. Көбінесе қазақ тілінен орыс тіліне және қазақ тілінен ағылшын тіліне аудармаға тапсырыс беріледі.

Қазақ тілінен орыс тіліне аударма, егер Сіз Ресей Федерациясына қоныс аудару бағдарламасына қатыссаңыз,  талап етілуі мүмкін. Бұл жағдайда паспортты қоса алғанда, барлық құжаттар қазақ тілінен орыс тіліне аударылады.

Аударманың бұл түрі, егер Сіздің компания Қазақстанның экономикасына арналған инвестор болса, талап етілуі мүмкін. Мемлекетпен тиімді өзара әрекет ету үшін заңнамалық және нормативтік актілерді қоса алғанда, түрлі құжаттаманы қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару қажет болады.

Біз сондай-ақ Сіздің компанияның сайтын аударамыз және оқшаулаймыз. Біздің мамандарымыз Қазақстанның мәдениетінен жақсы хабардар. Біздің біліміміз Сіздің брендті ҚР нарығында танылатын әрі түсінікті ете алады.

Сапа кепілдігі

Қазақ тіліне және қазақ тілінен аудару бойынша жобаларды іске асыру үшін біз отандық, сондай-ақ шетелдік компаниялармен жұмыста өздерін жақсы жағынан көрсеткен тәжірибелі әрі білікті аудармашыларды тартамыз.

Құжатыңыздың аудармасының құнын білу үшін төмендегі өтінім нысанын толтырыңыз.

Сұрақтар? Бізбен мына электронды пошта itext@itext.kz, +7 (718) 276 40 60 телефоны арқылы байланысыңыз  немесе WhatsApp-қа жазыңыз, сонда біз сіздің барлық қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап береміз.

Тапсырыс беру

Осы нысанды толтырыңыз, біз сонда сізге қоңырау шаламыз

Біздің клиенттер

iText аударма бюросы - бұл кәсіби аудармашылар ғана емес, сондай-ақ біздің клиенттеріміз, оларсыз өзіміздің шеберлігімізді дамыта алмас едік, білімізді арттыра алмас едік және аударма саласында жаңа биіктіктерге жете алмас едік.